©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Ырғыз селолық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы А. Сариннің 2013 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде есеп беру баяндамасының тезисі

Ырғыз селолық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Сариннің 2013 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде есеп беру баяндамасының тезисі

Селолық округке 4 елді мекен жатады. Олар Ырғыз селосы, Ақши, Қалыбай және Қалалыкөл ауылдары. Округ бойынша жалпы халық саны - 6790. Аула саны - 1308. Жалпы активті халық – 3826 адамды құрайды.


Округте 7 мектеп, мектеп жасына дейінгі 4 нысан, 5 денсаулық сақтау нысаны, 6 мәдениет ошағы, электр желілерін тарату, су шаруашылығы кәсіпорны, сондай-ақ байланыс жүйелері тұрақты халыққа қызмет көрсетуде.

Ауылшаруашылығы

саласында 72 ауыл шаруашылық құрылымы жұмыс жасайды. Жаңадан 2 шаруа қожалығы тіркелді. Ауылшаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Мал дәрігерлік шаралар уақытылы көрсетіліп келеді.

Есепті жылы мал тұқымын асылдандыру мақсатында Ырғыз кредиттік серіктестігі арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Өміртолық» шаруа қожалығы 1 бас бұқа және 20 аналық сиыр, «Қолқанат» шаруа қожалығы 1 бас бұқа және 25 аналық сиыр сатып алып кірістеді.

Жеке табындардағы аналық сиырларды асылдандыру мақсатында «АқтөбеАгроСервис» арқылы лизингке 19 бас асыл тұқымды қазақтың ақ бас бұқасы алынып жайылымда бағылатын аналық сиырларға қосылды.

«Махай» шаруа қожалығы, «Елшіхан», «Наурыз-СИМ», «Қасымхан» ЖШС-і өз қаражаттары есебінен 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Мал қыстату науқанына 35255 тн мал азығы дайындалды. Арзандатылған бағамен ұнтақ жем тасымалдау ұйымдастырылуда.

Ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында «Ұлпан» шаруа қожалығы лизингке, «Темірлан» шаруа қожалығы өз қаражатына МТЗ-80 тракторларын сатып алды.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы.

Кәсіпкерлік субъектілер саны - 134. компьютерлік орталықтар, тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, моншалар халыққа қызмет көрсетіп келеді. Жыл басынан бері 29 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Салық базасы.

Округ дамуының көресткіштерінің бірі - салық базасының қамтамасыз етілуі мен салық жиналымы. Жыл басынан бері салық жиналымы 120 пайызға орындалды.

Кедейшілікті азайту.

Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы туралы заңнаманы басшылыққа алып, жыл басынан бері 456 отбасының 1443 баласына 17676,0 мың теңге балалар жәрдемақысы төленген.

Жұмыссыздықпен күрес.

Жыл басынан бері 58 адам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы арқылы тұрақты жұмысқа, 76 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 257 жұмыссыз тартылды. Жергілікті бюджет есебінен 26 жас маман жастар практикасынан өткізілді.

«Жасыл ел» бағдарламасына облыстық трансферттен қаражат бөлініп жұмыссыз жүрген 40 жастар өкілі жұмыспен қамтылды. Бағдарлама екі кезеңге бөлініп екі ай бойы жүргізілді.


«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуы.

Бағдарлама бойынша жыл басынан бері кәсіптік оқуға 7 адам, қайта даярлауға 8 адам, біліктілігін арттыруға 1 адам жіберілді. Қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген адамдарға ережеге сәйкес, оқудың шәкіртақысын және жол шығынын өтеу мақсатында республикалық бюджеттен 494,0 мың теңге бөлінді.

Округ бойынша әлеуметтік жұмысқа 40 адам жіберілді. Жастар іс-тәжірибесінен республикалық бюджет есебінен 39 жас түлек тәжірибеден өтті. Бағдарлама арқылы 18 адамға несие беріліп, 7 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгеру үшін оқуға жіберілді. 2 адамға жетіспейтін инженерлік-инфрақұрылым қызметі көрсету жоспарланып отыр.

«Арай» мәдениет үйі және балалар және жасөспірімдер спорт мектебі күрделі жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстарына жергілікті жерден 43 жұмыссыз тартылды.

Сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мен интернаттық үлгідегі «Ақбота» мектепке дейінгі санаториялық ұйымы күрделі жөндеуден өткізілуде. Құрылысқа 22 жұмыссыз жұмысқа тартылды.

«Бизнестің жол картасы-2020»

бағдарламасы арқылы 2 шаруашылық құрылымына мемлекет тарапынан электр желілерін тарту жоспарлануда.

«Көркейе бер, туған жер!» акциясы.

Акция аясында ашаршылық құрбандарына қойылған ескерткіш қайта жарақтандырылды. Тәуелсіздік саябағының аумағы кеңейтілді. «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ғимараты күрделі жөндеуден өткізілуде. Бірқатар білім мекемелерінің материалдық базасы нығайтылуда.

Көгалдандыру, абаттандыру және жарықтандыру.

Бұл салалар бойынша іс-шаралар жасақталынып бірқатар жұмыстар жасалынды. Алаңдарға, елді мекен аумақтарына ағаш көшеттері, гүлзарлар отырғызылды. Ағаш егу алаңдары жаңадан қоршалды.

Бірқатар көшелерге жаңадан белгі тақталар орнатылды. Т.Жаманмұрынов көшесі тұрғындары тұрғын үйлері мен аулаларына көркейту жұмыстарын жүргізді. «Үлгілі үй», «Үлгілі аула» байқаулары өткізілді. Көшедегі түрлі деңгейдегі танымдық, саяси, экономикалық тақырыптардағы бильбордтар уақытында жаңартылып отырылды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы Ырғыз селосының Ұ.Құлымбетов және Т.Жүргенов көшелері жарықтандырылды.


Жыл басынан бері округ әкімі атына 153 арыз түсті, оның 17 заңды тұлға, 136 жеке тұлға. Оның ішінде 64 қанағаттандырылып, 89 заңға сәйкес түсіндірілді.


Ырғыз селолық округі әкімінің

міндетін уақытша атқарушы А.Сарин

?


lekciya-po-predmetu.html

lekciya-po-teme-osnovnie-2.html

lekciya-po-vich-infekcii.html

lekciya-ponyatie.html

lekciya-predposilki.html